Қазақстан құрамасы Билли Джин Кинг кубогын жеңуге мүдделі: Данилина мен Құламбаева ойларымен бөлісті


10-11 сәуір күндері Брисбенде (Аустралия) теннистен әйелдер арасындағы командалық әлем чемпионаты - Билли Джин Кинг кубогының іріктеу кезеңі өтеді. Бұл кезеңде Қазақстан құрамасы Аустралия және Колумбия құрамаларымен жолығады.
Бәсекеге еліміздің үздік теннисшілері қатысады: Елена Рыбакина, Юлия Путинцева, Зарина Дияс, Анна Данилина және Жібек Құламбаева. Команда капитаны - Юрий Щукин.
Кубок алдындағы баспасөз жиынында Анна Данилина турнирге дайындық жайлы пікір білдірді.
«Біз жоғары мақсат қойып отырмыз, барымызды салып, жаттығудамыз. Аустралия, Колумбиямен матчтар оңайлыққа түспейді. Дегенмен біздің құрам мықты, команданың ішкі ахуалы да жақсы».
Жібек Құламбаева да өз пікірін қосты.
«Құрамада болу – қашанда мақтаныш. Үздік өнерімізді көрсетіп, командаға жақсы нәтижеге жетуге көмектескіміз келеді. Осы кезеңнен табысты өту үшін бізде барлық мүмкіндік бар».
Команданың көшбасшысы Елена Рыбакина да Брисбендегі турнирге дайындықты бастап кетті. Қазақстан құрамасы осы кезеңде жеңіске жетсе, финалдық кезеңге жолдама алады.

Футзал
Бүгін 07:30

Басқа спорт түрлері
Бүгін 06:18

Футбол
Бүгін 01:42