Қазақ теннисшісі Бейбіт Жұқаев АТР жаңартылған рейтингінде 29 сатыға көтерілді
Кәсіби теннисшілер қауымдастығы (ATP) жаңартылған жекелей және жұптық рейтингтерін жариялады.
Жекелей сындағы үздік үштік өзгеріссіз қалды: бірінші орынды итальяндық Янник Синнер иеленсе, екінші орында испандық Карлос Алькарас, ал үшінші орында неміс Александр Зверев тұр.
Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик төрт сатыға төмендеп, 32-ші орынға жайғасты. Александр Шевченко екі сатыға көтеріліп, 59-орынға ие болды. Михаил Кукушкин 111-орнында қалды, Дмитрий Попко 173-орыннан 175-ке түсті, ал Бейбіт Жұкаев 29 позицияға көтеріліп, 184-орынға шықты. Тимофей Скатов екі сатыға төмендеп, 194-орынға түсті.
Жұптық рейтингте бірінші орынды испандық Марсель Гранольерс пен аргентиналық Орасио Себальос бөлісіп тұр, ал үшінші орынды хорват Мате Павич иеленген. Қазақстандық Александр Недовесов 57-орыннан 55-ке көтерілсе, Бублик екі сатыға төмендеп, 116-орынға түсті.
Теннис
Бүгін 11:30
Бокс
Бүгін 09:29
Теннис
Бүгін 08:52