Аустралиялық теннисші Ник Кирьос үлкен тенниске оралуға дайын екенін мәлімдеді
“Мен ораламын, өйткені мені ойында ұстап тұрған бір нәрсе бар. Мен рейтингте менен жоғары тұрғандардың көбін жеңдім, “Үлкен дулыға” турнирлерінің финалдарына шықтым, жұптық санатта “Үлкен дулыға” турнирін жеңіп алдым, көптеген титулдарға қол жеткізіп, ақша таптым. Алайда қазіргі басты мақсатым – “Үлкен дулыға” турнирінде жеңіске жету. Тек сол кезде ғана адамдарды мен туралы жаман айтуды тоқтатады деп ойлаймын. Бұл мен үшін үлкен мотивация”, – деп келтіреді Кирьостың сөзін Code Sports басылымы.
Айта кетейік, соңғы екі жылда Ник Кирьос небәрі бір ғана ресми матч өткізді. Соңғы уақытта 29 жастағы теннисші тізе және білек жарақаттарымен күресіп, лайықты деңгейде өнер көрсете алмай жүр.
Аустралиялық теннисші жұптық санатта бір “Үлкен дулыға” турнирінің жеңімпазы – 2022 жылғы Аустралияның ашық чемпионаты. Ойыншының “Үлкен дулыға” турнирлеріндегі жеке санаттағы ең үздік жетістігі – 2022 жылғы Уимблдонның финалы. Жеке санатта Ник АТР турнирлерінде жеті титул жеңіп алған.
Еске сала кетейік, бұған дейін Данилина мансабындағы 11-ші титулын жеңіп алған болатын: қазақстандық спортшы Қытайда жеңіске жетті.
Футбол
Бүгін 07:38
Басқа спорт түрлері
Бүгін 05:25
ММА
Бүгін 03:20