locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Қонақ Пікірлерді қалдыру үшін\n кіріңіз немесе тіркеліңіз
Мәзір

Australian Open-2025. Әйелдер арасындағы жартылай финалдық жұптары анықталды

Australian Open — 2025. Әйелдер арасындағы жартылай финал жұптары анықталды
ФОТО: Getty images

Мельбурн қаласында өтіп жатқан Аустралия ашық чемпионатының әйелдер арасындағы жекелей сындағы жартылай финалға шыққан қатысушылар анықталды.

“Үлкен дулыға” турнирінің жеңісіне таласатындар: әлемнің бірінші ракеткасы және турнирдің бірінші нөмірлі теннисшісі Арина Соболенко (Беларусь), әлемнің екінші ракеткасы Ига Швёнтек (Польша), 11-нөмірлі спортшы Паула Бадоса (Испания) және 19-нөмірлі Мэдисон Киз (АҚШ).

Australian Open-2025 турнирінің 1/2 финал жұптары:

• Арина Соболенко — Паула Бадоса
• Мэдисон Киз — Ига Швёнтек

Жартылай финалдық кездесулер 23 қаңтарда өтеді, ал финалдық матч 25 қаңтарға жоспарланған. Естеріңізге сала кетсек, турнирдің қазіргі чемпионы – Арина Соболенко.

Джокович-Үлкен Дулыға турнирлерінде 50-ші рет жартылай финалға шыққан алғашқы теннисші

Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie