locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Мәзір

ATP финалдық турнирінде жеңіске жеткен әлемнің бірінші ракеткасының табысы туралы ақпарат жарияланды

ATP финалдық турнирінде жеңіске жеткен әлемнің бірінші ракеткасының табысы туралы ақпарат жарияланды
ФОТО: Getty images

Италиялық теннисші Янник Синнер ATP Қорытынды турнирін жеңіспен аяқтап, қомақты жүлде қорына ие болды.

ATP (Кәсіби теннисшілер қауымдастығы) турниріндегі жеңісі үшін әлемнің бірінші ракеткасы 4 881 500 АҚШ долларын (шамамен 2 млрд 433 миллион теңге) иеленді. Финалдық кездесуде Синнер америкалық Тейлор Фрицті тізе бүктірді. Тейлордың жүлдесі 2 237 000 долларды (шамамен 1 млрд 115 миллион теңге) құрады. Бұл сома ерлер мен әйелдер арасындағы Қорытынды турнирлер тарихындағы ең жоғарғы көрсеткіш ретінде тіркелді.

Айта кетсек, Янник Синнер биыл алғаш рет ATP-нің Қорытынды турнирінде жеңімпаз атанды. Турнир барысында ол аустралиялық Алекс Де Минаурды, Тейлор Фрицті екі мәрте, ресейлік Даниил Медведевті және норвегиялық Каспер Руудты жеңді.

Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie