ATP 75 Шарлоттсвилл. Қазақстандық Попко турнирдің 2-ші айналымына шыға алмады
29 қазанда қазақстандық теннисші Дмитрий Попко (№175 ATP) америкалық Шарлоттсвиллде ATP 75 Челленджер сериясы турнирінің бірінші айналым матчын өткізді. Дмитрийдің қарсыласы АҚШ өкілі Рейлли Опелка (№295 ATP) болды.
Кездесу америкалықтың жеңісімен аяқталды, теннисші үш сетте жеңіске жетті – 5:7, 6:1, 7:6. Матч 2 сағат 2 минутқа созылды.
ATP 75 Шарлоттсвилл. 1/16 финал. 29 қазан
Жекелей сын
Төсеніш: хард
Дмитрий Попко (Қазақстан) - Рейлли Опелка (АҚШ)
Есеп: 1:2 (7:5, 1:6, 6:7)
Опелканың келесі қарсыласы Андер Эган (АҚШ) - Колтон Смит (АҚШ) жұбының жеңімпазы болады.
Қазақстандық теннисшіге келетін болсақ, ол турнирде жұптық сында өнер көрсетуді жалғастырады. Попко басқа қазақстандық Бейбіт Жукаевпен (№185 ATP) жұптасып, америкалық дуэтпен кездеседі, Роберт Кэш (№1160 ATP) – Джеймс Трейси (№1239 ATP). Матч 30-шы қазанға, Қазақстан уақыты бойынша сағат 1:00-де басталады деп жоспарланған.
Бұған дейін Братиславада Михаил Кукушкин үш сеттік шиеленісті матчта бразилиялықты жеңген болатын.
ММА
Бүгін 08:59