ATP 75 Шампейн. Жұқаев турнирдегі жорығын өкінішті жеңіліспен аяқтады
13 қараша, сәрсенбі күні қазақстандық теннисші Бейбіт Жұқаев (АТР рейтингінде 238-ші) АҚШ-тың Шампейн қаласында өткен хард төсенішіндегі ATP 75 Челленджер турниріндегі өнерін тоқтатты. Жекелей сынның 1/8 финалында Жұқаев америкалық Майки Брасвеллден (АТР рейтингінде 503-ші) үш сетте – 6:3, 3:6, 6:7 есебімен жеңіліс тапты. Матч тура 2 сағатқа созылды.
ATP 75 Шампейн. Челленджер сериясы. 1/8 финал.
Жекелей сын
Төсеніш: хард
Бейбіт Жұқаев (Қазақстан) – Майки Брасвелл (АҚШ)
Есеп: 1:2 (6:3, 3:6, 6:7)
Бұл қазақстандық спортшының турнирдегі екінші кездесуі болды. Бұған дейін Жұқаев Ұлыбританиялық Генри Сирлді (АТР рейтингінде 514-ші) екі сетте – 6:3, 7:6 есебімен жеңді.
Брисбендегі турнирде Ломакин жекелей сында өнер көрсетуін аяқтады
Бокс
Бүгін 09:29
Теннис
Бүгін 08:52
Басқа спорт түрлері
Бүгін 08:27