locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Мәзір

ATP 250 Антверпен. Бельгиядағы турнирде Александр Недовесовтың сенсациялық жеңісі

Теннис 16 қаз 2024 14:33
Павлив Никита
Павлив Никита
sports24 сарапшы
Фото: olympic.kz
ATP 250 Антверпен. Бельгиядағы турнирде Александр Недовесовтың сенсациялық жеңісі

16 қазанда Бельгияның Антверпен қаласында ATP 250 сериясының жұптық разрядындағы 1/8 финалдық матчы өтті. Қазақстандық Александр Недовесов америкалық Роберт Гэллоуэймен бірге британдық-аустралиялық жұп Джейми Мюррей, Джон Пирсті жеңді. Ойын үш сетте аяқталып, есеп 7:5, 6:7, 14:12 болды. Матч екі сағатқа созылды.

ATP 250 Антверпен. 1/8 финал. 16 қазан

жұптық разряд

жабық корттағы хард

Александр Недовесов (Қазақстан)/Роберт Гэллоуэй (АҚШ) – Джейми Мюррей (Ұлыбритания)/Джон Пирс (Аустралия)

Есеп: 7:5, 6:7, 14:12

Айта кетейік, Недовесов пен Гэллоуэй “Үлкен дулыға” турнирлерінің бірнеше мәрте жеңімпаздарын жарыстан шығарды. Джейми Мюррей жұптық разрядта екі рет, ал микстте бес рет жеңіске жеткен. Джон Пирс бір рет жұптық разрядта, бір рет микстте “Үлкен дулығаны” жеңіп алған.

Недовесов пен Гэллоуэйдің келесі қарсыластары Додиг/Павлашек пен Блокк/Колиньон арасындағы матчта анықталады.

Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie