ATP 250 Almaty Open Қазақстандық теннисші тартысты кездесуде ширек финалға жолдама алды
Бүгін, 16 қазанда, жабық кортта өтетін ATP 250 Almaty Open турнирінің 1/8 финалында Қазақстан өкілі Александр Шевченко (ATP 61-орын) мен ресейлік Аслан Карацев (ATP 139-орын) арасында матч өтті. Кездесу Шевченконың үш сеттегі жеңісімен аяқталды – 6:1, 6:7, 7:5. Матч 2 сағат 17 минутқа созылды.
ATP 250 Almaty Open. 1/8 финал. 16 қазан
жекелей сында: жабық қатты корт
Александр Шевченко (Қазақстан) – Аслан Карацев (Ресей)
Есеп: 6:1, 6:7, 7:5
Жартылай финалға шығу үшін қазақстандық теннисші аргентиналық Франсиско Серундоломен (ATP 31-орын) кортта кездеседі. Ойын 18 қазан күні сағат 11:00-де Қазақстан уақыты бойынша өтеді.
Естеріңізге сала кетейік, турнирдің алғашқы кезеңінде қазақстандық теннисші отандасы Михаил Кукушкинді екі сетте 7:6, 7:6 есебімен жеңген болатын.
Футбол
Бүгін 07:38
Басқа спорт түрлері
Бүгін 05:25
ММА
Бүгін 03:20