ATP 250 Almaty Open. Қазақстандық теннисші үй турнирінен шет қалды
18 қыркүйекте қазақстандық Александр Шевченко (№61 ATP) мен Аргентина өкілі Франсиско Серундуло (№31 ATP) арасында ATP 250 Almaty Open хард турнирінің ¼ финалы өтті. Кездесу аргентиналықтың жеңісімен аяқталды. Теннисші екі сетте – 6:2, 6:3 есебімен жеңді. Матч 1 сағат 5 минутқа созылды.
ATP 250 Almaty Open. ¼ Финал. 18 қазан
Жекелей сын
Төсеніш: жабық корттағы хард
Александр Шевченко (Қазақстан) – Франциско Серундуло (Аргентина)
Есеп: 0:2 (2:6, 3:6)
Естеріңізге сала кетейік, Шевченко Almaty Open жұптық сынында да өнер көрсетті. Александр Тимофей Скатовпен дуэтте үнді-аргентиналық жұп Нараянасвами – Гвидо Андреоттиден (№513 ATP) 3:6, 4:6 есебімен екі сетте жеңіліп қалды.
Бұған дейін Юлия Путинцева Нинбодағы WTA 500 турнирінен ұшып кеткен болатын: толығырақ
Теннис
Бүгін 11:30
Бокс
Бүгін 09:29
Теннис
Бүгін 08:52