ATP 125 Хельсинки. Денис Евсеев жартылай финалға шықты
8 қараша күні Финляндия астанасы Хельсинкиде ATP 125 Challenger сериясы аясында қазақстандық теннисші Денис Евсеев (ATP рейтингінде 218-орында) жекелей сында ширек финалдық кездесу өткізді. Қазақстандық спортшы алаң иесі, Финляндия өкілі Отто Виртаненмен (ATP рейтингінде 96-орында) кездесіп, екі сетте сенімді жеңіске жетті – 6:4, 7:5. Матч 1 сағат 22 минутқа созылды.
ATP 125 Хельсинки. Жартылай финал. 8 қараша
Жекелей сын
Төсеніш: хард
Денис Евсеев (Қазақстан) – Отто Виртанен (Финляндия)
Есеп: 2:0 (6:4; 7:5)
Финал жолдамасы үшін Евсеев АТР рейтингінде 102-орында тұрған итальяндық Ли Нардиге қарсы ойнайды. Бұл ойын 9 қараша күні, Қазақстан уақытымен сағат 20:00-де басталады.
Еске салсақ, Хельсинки турнирінің жүлде қоры 148 625 еуроны құрайды. Жеңімпаз 20 300 еуро көлемінде сыйақы мен 125 рейтингтік ұпайға ие болады.
Футбол
Бүгін 07:38
Басқа спорт түрлері
Бүгін 05:25
ММА
Бүгін 03:20