АҚШ-тың үздік теннисшісі Ига Швентектің «Ролан Гарросқа» деген мүмкіндігін бағалады


Әлемнің үшінші ракеткасы Кори Гауфф Ига Швентектің қазіргі жағдайына байланысты пікір білдіріп, польшалық теннисшінің «Ролан Гарросқа» деген үмітін жоғалтпағанын айтты.
«Төрт мәрте «Ролан Гарросты» ұтқан спортшының қиындыққа тап болғанын көргенде, оның ойынына бірдеңе әсер еткені түсінікті. Бірақ бұған дейінгі жетістіктері оған әрқашан мүмкіндік береді. Егер мен онымен Парижде ойнасам, Мадридтегі жеңісім (6:1, 6:1) туралы мүлдем ойламас едім. Ол жерде мүлде басқа матч болады», — деді Гауфф Punto de Break басылымына берген сұхбатында.
Айта кетейік, Швентек Рим турнирінде 2-раундта америкалық Даниэль Коллинзден 1:6, 5:7 есебімен ұтылып, жарысты ерте аяқтаған болатын.
Римдегі беделді турнирдің ширек финалына шыққан теннисшілер анықталды.


Футбол
Бүгін 13:52