locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Мәзір

Аружан Сағындықова Шарм-эш-Шейхтегі турнирдегі жарыс жолын ширек финалда аяқтады

Аружан Сағындықова Шарм-эш-Шейхтегі турнирдегі жарыс жолын ширек финалда аяқтады
ФОТО: IG Сағындықова

Қазақстандық теннисші Аружан Сағындықова Мысырдың Шарм-эш-Шейх қаласында өтіп жатқан ITF W15 турнирінің ширек финалында Оңтүстік Кореялық Эунье Лиге 1:6, 3:6 есебімен жол беріп, жарыс жолынан шығып қалды. Қос теннисші корт та 1 сағат 31 минут өнер көрсетті.

19 жастағы Сағындықова бірінші айналымда ресейлік Алиса Кюммельді үш сетте (1:6, 6:2, 6:4) жеңіп, екінші айналымда неміс Ясмин Вагнерді (6:3, 6:3) ұтты.

Қазіргі уақытта Сағындықова WTA әлемдік рейтингінде 1040-шы орында тұр.

24 жастағы Ли жартылай финалда Шарм-эш-Шейхте АҚШ өкілі Даша Иванова мен мысырлық Сандра Самир арасындағы матчтың жеңімпазымен кездеседі.

Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie