locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Қонақ Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
Мәзір

«Қарсыластарды алаңнан сыпырып тастады»: Диас Австралиядағы матчтар алдында ұлттық құрамадағы дебютін еске алды

Теннис 08 сәу 2025 04:25
Арсен Алиев
Арсен Алиев
Редактор
«Қарсыластарды алаңнан сыпырып тастады»: Диас Австралиядағы матчтар алдында ұлттық құрамадағы дебютін еске алды
ФОТО: Getty Images

Қазақстандық теннисші Зарина Диас ұлттық құрама сапындағы алғашқы ойыны туралы естелігімен бөлісіп, Билли Джин Кинг кубогы аясында өтетін Австралиядағы жарыстар алдындағы әсерін айтты.

- Ұлттық құрама сапында алғаш рет 15 жасымда өнер көрсеттім. Ол кездесу Австралияның Перт қаласында өтті. Біз жұптық матч ойнадық және қарсыластарымызды 6:0, 6:0 есебімен ойсырата жеңдік. Тіпті оларға еш мүмкіндік қалдырмадық. Жалпы, мен Австралияда бірнеше рет жарысқа қатыстым — жеке турнирлер де, құрама ойындары да болды. Мұндағы атмосфера өте жағымды, ойнаған маған қатты ұнайды, — деді Диас Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметіне берген сұхбатында.

Билли Джин Кинг кубогының D тобының ойындары Австралияның Брисбен қаласында өтеді. Қазақстан құрамасы 10 сәуір күні Астана уақытымен таңғы 7:00-де Австралия құрамасына қарсы матч өткізеді. Ал 11 сәуір күні дәл осы уақытта Колумбия құрамасымен кездеседі.

Алты топтың жеңімпаздары Қытайда өтетін финалдық кезеңге жолдама алады. Бұл кезеңде олар турнир иелері — Қытай құрамасы және қазіргі чемпион — Италия құрамасымен бірге бақ сынайды. Өз тобында екінші және үшінші орын алған командалар плей-офф кезеңіне өтіп, аймақтық топтық турнирлердің үздік командаларымен кездеседі.

Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie