Арина Соболенко мерзімінен бұрын WTA қорытынды турнирінің 1/2 финалына шықты
Әлемнің бірінші ракеткасы, Беларусь өкілі Арина Соболенко Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өтіп жатқан WTA қорытынды турнирінің екінші матчында да сенімді жеңіске жетіп, мерзімінен бұрын жартылай финалға жолдама алды.
Бұл жолы Соболенко кортта Италия теннисшісі Жасмин Паолинимен (WTA 4-орын) кездесіп, екі сетте – 6:3, 7:5 есебімен басым түсті.
Кездесу 1 сағат 31 минутқа созылды, бірақ Соболенко әр сетте ойынға толықтай бақылау орнатып, қарсыласына еш мүмкіндік бермеді.
WTA қорытынды турнирі. 2-матч. 4 қараша
Жекелей санат
Төсеніш: хард
Арина Соболенко (Беларусь) – Жасмин Паолини (Италия)
Есеп: 2:0 (6:3, 7:5)
Бұл Соболенконың турнирдегі екінші жеңісі: алғашқы матчында ол Қытай теннисшісі Чжэн Цинь Вэньді (WTA 7-орын) – 6:3, 6:4 есебімен жеңді. Топтық кезеңнің соңғы матчында белорустық теннисші Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакинаға (WTA 5-орын) қарсы ойнайды.
Еленаның бұл турнирдегі көрсеткіштері сәтсіз аяқталды: отандасымыз алғашқы екі матчында жеңіліске ұшырап, плей-оффқа шығу мүмкіндігінен айырылды. Алдымен ол Жасмин Паолиниге – 6:7, 4:6 есебімен жол берсе, кейіннен Чжэн Циньвэньге – 6:7, 6:3, 1:6 есебімен есе жіберді.
Осылайша, Рыбакинаның плей-оффқа шыға алмады, ал Паолини мен Циньвэнь топтан шығу үшін соңғы жолдаманы сарапқа салады
Теннис
Бүгін 11:30
Бокс
Бүгін 09:29
Теннис
Бүгін 08:52