Арбадағы қазақстандық теннисшілер Афинадағы ITF турнирінде сәтті өнер көрсетті
Арбадағы қазақстандық теннисшілер Дінмұхамед Әлияқпаров пен Дастан Ниязов ITF Athens Open турнирінің жартылай финалына дейін жетті, бірақ финалға шығу жолында польшалық жұп Пшемыслав Хебиш пен Анджей Строжиньскиге 0:6, 1:6 есебімен есе жіберді.
Ерлер арасындағы жеке сында Әлияқпаров пен Ниязов екінші айналымда жарыс жолынан шығып қалды: Әлияқпаров грек спортшысы Георгиос Лазаридиске (1:6, 1:6) жол берсе, Ниязов француз теннисшісі Оливье Ланглуаға (0:6, 0:6) есе жіберді.
Әйелдер арасындағы жеке сында Жанат Үмітқұлова мен Айжан Бөтімбаева ширек финалға дейін жетті. Үмітқұлова турнирдің бірінші ракеткасы, британдық Корнелия Отчузиннен (0:6, 0:6) жеңіліс тапса, Бөтімбаева латвиялық Диана Никифироваға 3:6, 1:6 есебімен ұтылды.
Келесі арбадағы теннисшілерге арналған ITF Ancient Messene Open турнирі 5-7 қараша аралығында Грекияның Месини қаласында өтеді, онда Қазақстан атынан Әлияқпаров, Ниязов, Үмітқұлова және Бөтімбаева қатысады.
Теннис
Бүгін 11:30
Бокс
Бүгін 09:29
Теннис
Бүгін 08:52