Анна Данилина мен Ирина Хромачева US Open турнирімен қоштасты
Анна Данилина мен Ирина Хромачева US Open турнирінде 1/4 финал кезеңінде өнерлерін аяқтады.
3-ші қыркүйектен 4-не қараған түні АҚШ Ашық чемпионатының жұптық санатының 1/4 финал матчтары өтті. Солардың бірі қазақстандық Анна Данилина мен оның серіктесі ресейлік Ирина Хромачеваның өнер көрсетуі болды. Қазақстандық теннисші Анна Данилина 2024 жылғы АҚШ Ашық чемпионатының жұптық санатының жартылай финалға шыға алмады.
Ширек финалда қазақстандық ойыншы мен оның серіктесі Ирина Хромачева (Ресей) екі сетте де Людмила Киченок (Украина) және Елена Остапенко (Латвия) жұбына жол берді.
Матч 1 сағат 45 минутқа созылды.
US Open 2024, жұптық санат,1/4 финал
Людмила Киченок (Украина) / Елена Остапенко (Латвия) - Анна Данилина (Қазақстан) / Ирина Хромачева - 7:6 (7:2), 6:3.
Бұл жұптар алғаш рет кортта кездесті.
Теннис
Бүгін 11:30
Бокс
Бүгін 09:29
Теннис
Бүгін 08:52