locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Анна Данилина мен Ирина Хромачева Хуа Хиндегі WTA турнирінің жартылай финалына шықты

Анна Данилина мен Ирина Хромачева Хуа Хиндегі WTA турнирінің жартылай финалына шықты

Қазақстандық теннисші Анна Данилина ресейлік Ирина Хромачевамен бірге Таиландтың Хуа Хин қаласында өтіп жатқан WTA турнирінде сәтті өнер көрсетуде. Жұптық сында олар американдық Джесси Эйни мен неміс Лена Пападакисті 6:3, 6:2 есебімен жеңді, жартылай финалға шықты.

Анна Данилина мен Ирина Хромачева келесі айналымда Эмили Броадбент/Алисия Брукс немесе Дарья Снигур/Моэ Хонтама жұптарының жеңімпазымен кездеседі.

Өткен аптада Данилина мен Хромачева Мексиканың Гвадалахара қаласында өткен беделді WTA 500 турнирінде жеңіске жеткенін атап өткен жөн.