locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Қонақ Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
Мәзір

Андрей Рублев Бубликке қарсы жеңілісіне пікір білдірді

Теннис 27 сәу 2025 12:02
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
Андрей Рублев Бубликке қарсы жеңілісіне пікір білдірді
ФОТО: Getty images

Ресейлік теннисші Андрей Рублев ATP 1000 сериясындағы Мадрид турнирінің үшінші айналымында Александр Бубликке есе жібергеннен кейін өз пікірін білдірді. Қазақстанның бірінші ракеткасы сенімді жеңіске жетіп, турнирдің өткен жылғы чемпионын жарыстан шығарды.

Рублёв Бубликпен әрқашан ойнау қиын екенін атап өтті.

«Сашаға қарсы ойнағанда, матчты талдап айту оңай емес. Мен өзім де онша жақсы ойнаған жоқпын, бір гейм сәтсіз өтті — ал ол сол сәтті ол пайдаланып, сет алды. Екінші сетте керісінше, менде мүмкіндік болды — өзімді жинап, алдыға шықтым. Саша сол кезде сәл назарын жоғалтты, мен болса әр ұпайды соңына дейін ойнап, сетте 6:0 есебімен жеңдім», — деді Рублев «Чемпионат» порталына берген сұқбатында.

Алайда шешуші үшінші сетте Бублик өз ойынына қайта оралғанын айтты.

«Үшінші сеттің алғашқы геймі оның пайдасына жақсы өтті, ал мен үшін сәтсіз басталды. «30:30»-да ол алаңның соңғы сызығына дәл соғып, эйс жасады. Мадридтегі биіктікте, Бублик сияқты керемет доп беретін ойыншыға қарсы ойнау өте қиын. Шамалы мүмкіндіктер болды, бірақ ол бәрін өте жақсы пайдаланды».

Осылайша, Рублев Мадрид турнирін алғашқы кездесуінен кейін аяқтады, ал Бублик 1/8 финалға жолдама алып, келесі айналымда Бен Шелтон мен Якуб Меншик арасындағы матчтың жеңімпазымен кездеседі.

Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie