Андреа Петкович: "Соболенко мен Рыбакина екеуі бірігіп, Эмма Радуканудан аз табыс табады"
Әлемнің бұрынғы тоғызыншы ракеткасы, неміс теннисшісі Андреа Петкович әйелдер теннисіндегі демеушілік және жарнамалық келісімшарттар туралы пікір білдірді.
“АҚШ-та теннис қауымдастығынан тыс ешкім оны (әлемнің бірінші ракеткасы Арина Соболенконы) танымайды, тіпті ол әлемдегі үздік теннисші болса да. Соболенко мен Рыбакина екеуі бірігіп, Эмма Радуканудан аз табыс табады”, — деді Петкович бұрынғы теннисші Рене Стаббстың подкастында.
Әлемдік рейтингтің 57-орнында тұрған британдық теннисші Эмма Радукану жарнамалық келісімшарттардан 14 миллион доллар табыс тапты. Ал, 2024 жылдың қараша айында Forbes журналы Елена Рыбакинаның жыл қорытындысы бойынша ең көп табыс тапқан он теннисшінің қатарына енгенін хабарлады. Ол тек сыйақылардан 3,8 миллион доллардан астам табыс тапқан.
WTA рейтингі. Қазақстандық топ-теннисшілердің позициялары өзгеріссіз.
Хоккей
Бүгін 04:37
Теннис
Бүгін 04:00
Теннис
Бүгін 03:17