Анастасия Потапова Александр Шевченкомен ажырасқаны туралы хабарлады
Ресейлік теннисші, әлемнің 35-ші ракеткасы Анастасия Потапова қазақстандық теннисші Александр Шевченкомен (әлемнің 64-ші ракеткасы) ажырасқаны туралы хабарлады. Спортшы бұл туралы өзінің телеграм-каналында жазды.
"Баршаға сәлем! Бұл жолы мен сіздерге жағымды емес жаңалықтармен бөлісіп отырмын. Өкінішке орай, біз Александрмен айырылысу туралы шешім қабылдадық. Бұл өмір. Адамдар кездеседі, әрі айырылысады. Ажырасу себептерін өзімізде қалдыруды жөн санаймыз. Осы тақырыпта бізге артық сұрақтар қоймауларыңызды және біздің шешімімізге құрметпен қарауларыңызды сұраймын. Баршаңызға жақсылық пен махаббат тілеймін! Сіздердің Настяңыз", — деп жазды Потапова.
Бұған дейін Потапова 2024 жылғы маусымды ерте аяқтау туралы шешім қабылдаған еді.
Хоккей
Бүгін 01:50
Футбол
Бүгін 01:35