locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Америкалық жанкүйерлер Юлия Путинцеваны сынға алды

Америкалық жанкүйерлер Юлия Путинцеваны сынға алды

АҚШ-та «Үлкен дулыға» турнирлерінің бірі US Open турнирі аяқталуға жақын.

Жақында Қазақстанның екінші ракеткасы Юлия Путинцева жарыстан шығып қалды. Итальяндық Жасмин Паолиниге қарсы кездесу 29 жастағы теннисші үшін жанжалмен аяқталды.

Путинцеваны американдық жанкүйерлер боллгерлге жасаған әрекеті үшін сынға алды. Спортшы трибунаның ысқырығына қарамастан, жас көмекшісі ұсынған доптарды оның қолынан емес жерден алуды жөн көрдің Көбісі бұл әрекетін Путинцеваның ойын барысында жеңіліске ұшырауымен және оның бар ашу-ызасы қызға төгілгенімен байланыстырады. Боллгерл өз кезегінде, спортшының әрекетіне таң қалды және теннисшіге тек күлімсіреп басын шайқады.

Кейбіреулер боллгерл қазақстандық теннисшіге өз мәнерінде жауап берсе болатын еді деп болжады. Ал, басқалары Путинцеваға "құрметсіздік" әрекеті үшін қатаң санкциялар, соның ішінде қомақты айыппұл салуға шақырды, деп хабарлайды Sportskeeda.