locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Almaty Open ATP нұсқасы бойынша әлемдегі үздік турнир атанды

Қазақстан турнирі ойыншылар дауыс беруінің қорытындысы бойынша ATP 250 санатындағы бәсекелестерінен озып түсті
Теннис
Almaty Open ATP нұсқасы бойынша әлемдегі үздік турнир атанды
@almatyopen

Қазақстанда өтетін Almaty Open теннис турнирі Кәсіби теннисшілер қауымдастығының (ATP) нұсқасы бойынша ATP 250 санатындағы жылдың үздік жарысы деп танылды. Жыл сайынғы марапат иелері теннисшілердің өздері дауыс беру арқылы анықталды, деп хабарлайды Sports24.kz.

Almaty Open бұл марапатқа өз тарихында алғаш рет ие болды. Қазақстандағы жарыс ұйымдастыру деңгейі мен турнир қатысушыларына жасалған жағдайдың арқасында халықаралық мойындауға қол жеткізді. 2026 жылы ұйымдастырушылар «Алматы Арена» спорт кешенінің инфрақұрылымын ауқымды түрде жаңғыртып, теннисшілердің жайлылығына ерекше көңіл бөлді.

Атап айтқанда, спортшыларға арналған ас ішетін аймақ 300 шаршы метрге кеңейтіліп, жазғы терраса ашылды және қосымша үш жаттығу корты жабдықталды. Қатысушыларға ыңғайлы болу үшін жаңа корттар негізгі инфрақұрылыммен жабық өткел арқылы жалғанды. Бұған қоса, ұйымдастырушылар тамақтану аймағында жұмыс істеуге Michelin жұлдызына ие италиялық аспазды шақырды. Бұл өзгерістер жарысты өткізу сапасын арттыру және әлемдік деңгейдегі ойыншыларға қажетті жағдай жасау жұмысының бір бөлігі болды.

Қазақстандық Almaty Open-тен бөлек, Кәсіби теннисшілер қауымдастығы тағы екі санаттағы үздік жарыстарды анықтады. ATP 500 санатында Дохада (Катар) өтетін Qatar ExxonMobil Open екінші жыл қатарынан жеңімпаз атанды. ATP Masters 1000 сериясындағы турнирлердің ішінен Rolex Shanghai Masters үздік деп танылды. Шанхайдағы жарыс бұл марапатты 2013 жылдан бері алғаш рет алды. Осылайша, Алматы кәсіби тур қатысушыларының тікелей мойындауына ие болып, әлемнің ірі теннис орталықтарымен бір қатарға қосылды.

Еске салайық, 2026 жылы Алматыдағы ATP 250 турнирі қазан айында «Алматы Арена» спорт кешенінің корттарында өтті. Жарыстың жүлде қоры бір миллион доллардан асты. Жекелей сында ресейлік теннисші Даниил Медведев жеңімпаз атанып, чемпиондық атағын қорғап қалды. Финалда ресейлік спортшы Грузия өкілі Николоз Басилашвилимен кездесті. Алғашқы сет грузиялық теннисшінің еншісінде кеткенімен, Медведев матч барысын өзгертіп, үш сетте 6:7, 6:1, 6:3 есебімен жеңіске жетті. Осылайша, ресейлік теннисші Almaty Open турнирінің чемпионы атанып, бұл атақты екінші жыл қатарынан иеленді.

Абылай Сеитов
Журналист
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie