Алькарас пен Радукану US Open турнирінде микст санатында бірге өнер көрсетеді
Испаниялық теннисші мен британдық чемпион жұптық ойынға қатысады
Теннис
19 мау 2025
03:24

Абылай Сеитов
Журналист

ФОТО: Getty Images
Әлемнің екінші ракеткасы Карлос Алькарас пен 2021 жылғы АҚШ ашық чемпионатының жеңімпазы Эмма Радукану микст санатында бірге ойнайды.
Бұл туралы теннисшілер әлеуметтік желі арқылы хабарлады. Радукану Алькарасқа арнап пост жариялап, испандық теннисші оны «Кеттік, серіктес!» деген жазумен қолдады.
2025 жылғы микст бәсекесі US Open жарысының басталуынан бір апта бұрын, 19–20 тамыз аралығында өтеді. Турнир ерекше форматта ұйымдастырылады: алғашқы екі сет – 4 геймге дейін, тең есепте (4:4) – тай-брейк. Үшінші сет қажет болған жағдайда супер-тай-брейк түрінде 10 ұпайға дейін жалғасады. Сонымен қатар, дәстүрлі «тең – артық» есебі қолданылмайды.
Карлос Алькарас: Кейбір хабарламалар расымен қорқынышты.
Танымал жаңалықтар

Футбол
Бүгін 08:37

Футбол
Бүгін 08:11
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек