Александр Шевченко күтпеген жерден АҚШ-тағы турнирде жеңілді
Александр Шевченко Уинстон-Салемеде (АҚШ) өтіп жатқан теннис турниірінің жеке сынында жеңіліп қалды. Сәрсенбіде, 21 тамыз күні, Қазақстандық теннисші Испаниялық қарсыласына есе жіберді.
Уинстон-Салемеде (АҚШ) өтіп жатқан турнирдің 1/16 кезеңінің жеке сынында Александр Шевченко Испанияның намысын қорғайтын Пабло Карреньо-Бустаға қарсы өнер көрсеткен болатын. АТР әлемдік рейтингінде Шевченко 60-шы орында тұрса, Пабло Карреньо-Буста 300-ші орында келе жатыр.
Шевченко турнирде 13-ші нөмірде болған. Бірақ, ол фаворит атағын қорғай алмады. Пабло Карреньо-Буста екі сетте жеңді.
Александр Шевченко 2024 жылдың ақпан айында ресейлік азаматтығын ауыстырып, Қазақстанның атынан шыға юастаған еді. Шевченко Александр Бубликтен кейін (АТР 24-ші) Қазақстанның екінші ракеткасы.
Уинстон-Салеме (АҚШ), 1/16 кезең. 21 тамыз.
Александр Шевченко (Қазақстан) - Пабло Карреньо-Буста (Испания) - 2:6, 2:6.
Теннис
Бүгін 11:30
Бокс
Бүгін 09:29
Теннис
Бүгін 08:52