Александр Бублик Туриндегі ATP Challenger финалына шықты


Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик Италияның Турин қаласында өтіп жатқан беделді ATP Challenger турнирі - Piemonte Open Intesa Sanpaolo жарысында сәтті өнер көрсетуді жалғастыруда. Жартылай финалда ол жарыстың алтыншы нөмірлі қатысушысы, германиялық Даниэль Альтмайерді (ATP №71) сенімді түрде жеңіп, финалға жолдама алды.
ATP Challenger Турин. Грунт. Жартылай финал
Александр Бублик (Қазақстан) — Даниэль Альтмайер (Германия, №6) — 6:2, 6:4
Бублик матч басынан-ақ ойын тізгінін қолға алып, сенімді өнер көрсетіп, артқы шепте шебер ойнады. Бірінші сетте екі рет, екінші сетте бір рет брейк жасап, қарсыласына ес жиғызбады.
Айта кетейік, ширек финалда қазақстандық теннисші әлемдік рейтингте жоғары тұрған аргентиналық Томас Мартин Этчеверриді (ATP №51) ерік-жігер танытып жеңген болатын. Бұл жеңіс оның финалға шығуына маңызды қадам болды.
Енді 18 мамыр күні өтетін шешуші ойында Бублик Қытай өкілі Юнчаокете Буға (ATP №73) қарсы кортқа шығады.
