Александр Бублик Рублев пен Сафиннің ынтымақтастығы жайлы пікір білдірді


Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик Мадридтегі (Испания) «Мастерс» турниріндегі сәтсіздігінен кейін ресейлік Андрей Рублевтің ТОП-10 қатарынан шығуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды sports.ru.
Сонымен қатар, Бублик Андрейдің бұрынғы әлемнің бірінші ракеткасы Марат Сафинмен жұмыс істеуі туралы ойын айтты:
– Андрей Маратты шақырды, және бәріміз оның көмектесетініне үміттенеміз. Рублевтің орны ТОП-10-нан тыс емес екені анық. Бұл туралы Даниил Медведев те айтқан – сондықтан иә, бәріміз сенеміз. Сафин Андрейдің ойынына жаңа бір нәрсе қосты ма? Менің ойымша, кез келген бапкердің жұмысы бірнеше айдан кейін ғана байқалады. Марат жоғары деңгейде ойнады, ол келіп: «Енді тек торға шабуылда және тек сызықпен ұр» дейтін ақымақ емес. Ол бұл процеске саналы түрде қарайды, қандай да бір өзгерістер болады, бірақ уақыт өте. Ешкім ТОП-10 ойыншысына келіп, түбегейлі өзгерістер жаса деп талап етпейді.
Айта кетейік, Мадридтегі «Мастерс» турнирінің үшінші айналымында Андрей Рублев Александр Бубликке жол беріп, чемпиондық атағын қорғай алмады.

Теннис
Кеше 23:15


Басқа спорт түрлері
Кеше 16:29