Мансабын аяқтап, күтпеген жерден оралды: Қазақстан құрамасы жұлдызды ойыншымен күшейді
Қазақстан футзал құрамасы 2028 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі алдағы матч алдында күтпеген жерден күшейді, деп хабарлайды Sports24.kz.

Бұған дейін халықаралық мансабын аяқтағанын мәлімдеген Дуглас Жуниор ұлттық құраманың орналасқан жеріне келді.

Ойыншының оралғанын Қазақстан құрамасының баспасөз қызметі әлеуметтік желілерде тиісті видеоны жариялау арқылы растады.

Бразилияда туған ойыншы 2025 жылы ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеген еді, алайда енді командаға қайта оралу туралы шешім қабылдады.

Дуглас Қазақстан құрамасы тарихындағы үздік сұрмерген болып қала береді. Ол 91 матчта 65 гол соққан. Клуб деңгейінде ойыншы Сауд Арабиясының «Аль-Ула» командасында өнер көрсетеді.

Оның оралуы Беларуське қарсы іріктеу кезеңіндегі текетірес қарсаңында жүзеге асты. Қазақстан мен Беларусь құрамалары арасындағы матч 20 қазанда Астанада өтеді. Кездесу жергілікті уақыт бойынша сағат 20:00-де басталады.

Қазақстан құрамасына сенсациялық оралу жарияланды
Қазақстан футзал құрамасы 2028 жылғы әлем чемпионатының іріктеу турнирінің негізгі кезеңі аясында Беларуське қарсы өтетін матчқа құрамын жариялады. Ұлттық құраманың бас бапкері Какау 16 ойыншыны шақырды, деп хабарлайды Sports24.kz.

Қазақстан футбол федерациясы футзалдан ұлттық құраманың Беларуське қарсы алдағы матчқа арналған құрамын таныстырды. Өтінімге 16 ойыншы енді: үш қақпашы және 13 алаң ойыншысы. Команданың оқу-жаттығу жиыны 10 қазанда Астанада басталады.
Бұл жарияланымды Instagram-да көру
Қазақстанның ұлттық футзал құрамасының (@kff_team_futsal) жарияланымы

Басты жаңалық — Дуглас Жуниор да Силва Негрейростың ұлттық құрамаға қайта оралуы болды. Бразилиялық ойыншы 2025 жылдың қыркүйегінде Қазақстан құрамасындағы мансабын аяқтағанын мәлімдеген еді, алайда енді ол әлем чемпионатына іріктеу кезеңінде командаға қайта көмектесуге дайын. Дуглас Қазақстан құрамасындағы дебютін 2015 жылғы 15 қыркүйекте Зеницада Босния және Герцеговинаға қарсы матчта өткізді. Сол кездесу қазақстандықтардың 5:0 есебіндегі жеңісімен аяқталды.

Дуглас — Қазақстан футзал құрамасы тарихындағы ең танымал ойыншылардың бірі. Бүгінде ол ұлттық құрама сапында 92 матч өткізіп, 65 гол соққан. Оның оралуы Какау командасы үшін іріктеу матчтары алдында маңызды күшейту болуы мүмкін.
Бұл жарияланымды Instagram-да көру
Қазақстанның ұлттық футзал құрамасының (@kff_team_futsal) жарияланымы
Қазақстан құрамасының құрамы
Қақпашылар:Игита («Семей»), Талғат Өтепбергенов («Атырау»), Нарун Сериков («Каспий»).

Алаң ойыншылары:Дәурен Тұрсағұлов, Ринат Төрегазин, Биржан Оразов, Нұрсұлтан Пиялы — барлығы «Семей»; Жахангир Рашит, Азат Уәлиуллин — екеуі де «Қайрат»; Ержан Карменов, Арнольд Кнауб — екеуі де «Каспий»; Дуглас — «Алула»; Альберт Ақбаликов, Эдсон — екеуі де «ИрАэро»; Нұрқанат Бақтияров — «Ақтөбе»; Александр Дерябин — «Тюмень».

Еске салайық, Қазақстан — Беларусь кездесуі 20 қазанда өтеді. Матч Астанадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында ұйымдастырылады. Ойын Қазақстан уақытымен сағат 20:00-де басталады. Қазақстан құрамасы үшін бұл 2028 жылғы әлем чемпионатына іріктеудің негізгі кезеңіндегі маңызды матч болмақ.

Қазақстан 2028 жылғы әлем чемпионатына іріктеудің негізгі кезеңіндегі 6-топта өнер көрсетеді. Какау командасының қарсыластары — Беларусь және Албания құрамалары. Кезең қорытындысы бойынша элиталық раундқа жолдама үшін күресті топ жеңімпаздары және екінші орын алған үздік командалар жалғастырады.

«Біз бұл мерекені күттік»: «Семей» жаттықтырушысы Чемпиондар лигасының жаңа форматына баға берді
6 наурыз күні «Семей» Чемпиондар лигасының ширек финалында Францияның «Этуаль» командасына қарсы жауапты матч өткізеді. Турнир жаңа форматта өтуде және бұл өзгеріс қазақстандық команданың бас бапкері Аслан Смаковтың көңілінен шықты.

«Семей» бапкері үшін ең маңыздысы — енді үйде де, сыртта да матчтар көбейгені. Бұрын команда өз алаңында мүлде ойнамай қалуы мүмкін еді:

«Біз бұл мерекені көп күттік, себебі клубымыз алғаш рет осы кезеңге шықты. Биылғы Чемпиондар лигасының форматы көрсетіп отыр — барлығы жаңаша форматты күтті, енді командалар өз алаңында да, сыртта да ойнайды.

Бұл футзалдың дамуы мен танымалдылығы үшін өте маңызды. Жанкүйерлеріміз бұл кездесуді ұзақ күтті, өткен 1/8 финалдағы матчта да атмосфера тамаша болды. Сондықтан ертеңгі ойында үлкен мереке күтілуде, біз оған толық дайынбыз», — деді Смаков баспасөз конференциясында.

Еске сала кетейік, алғашқы ойында «Семей» 4:1 есебімен алға шыққанымен, матчты 4:5 есебімен ұтылып қалды.
Бұл жазбаны Instagram-да қарау
Жазба авторы: «Семей» футзал клубы | Futsal Club Semey (@fcsemey)