locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Мәзір

Жәния Бекмұхамбетованың бапкері спортшының алдағы жоспарлары жайлы айтып берді

Басқа спорт түрлері 04 қыр 2024 13:31
Павлив Никита
Павлив Никита
sports24 сарапшы
Жәния Бекмұхамбетованың бапкері спортшының алдағы жоспарлары туралы айтып берді.
Жәния Бекмұхамбетованың бапкері спортшының алдағы жоспарлары туралы айтып берді.

11 жасар қазақстандық Жәния Бекмұхамбетова бірнеше күн аралығында бірден екі элиталық халықаралық турнирде сәтті өнер көрсетті. Алдымен Хорватияда, кейін Словенияда.

28 тамыз күні жас спортшы Хорватияның Вараждин қаласында өткен Youth Contender турнирінде алтын медаль жеңіп алды. Ал 1 қыркүйекте Қостанайдағы үстел теннисі мектебінің тәрбиеленушісі Словенияның Оточец қаласында өткен WYD Youth Contender турнирінде бірден екі медальға қол жеткізді: 11 жасқа дейінгі санатта – "алтын", ал 13 жасқа дейінгі санатта – "қола" медаль иегері атанды.

Sport Plus Qazaqstan басылымына берген сұхбатында Жәнияның жаттықтырушысы Юлия Даниярова спортшының жетістіктері мен болашаққа жоспарлар жайлы бөлісті:

“Жәния спортқа бірінші сыныпта келді. Оны жаттығуға ата-анасы әкелді. Алғашқы күндерден-ақ ол табандылығы және еңбексүйгіштігімен ерекшеленді, сондай-ақ ол спорттың биік шыңдарын бағындыру үшін үлкен әлеуетке ие. Біз Хорватия мен Словениядағы турнирлерде медальдар жеңіп алу мақсатымен дайындалдық. Бұл жарыстар әлемдік деңгейдегі өте маңызды бастамалар болды. Бұған дейін Жәния 2009 жылы туған және одан кіші спортшылар арасында Қазақстан чемпионатында жекелей сында алтын медаль жеңіп алды. Сонымен қатар, ол биыл 2013 жылы туған спортшылар арасында толығымен ел чемпионы атанды. Шілде айында Жәния Қазақстан құрамасы сапында Қытайдың Чунцинь қаласында өткен Азия жастар чемпионатына қатысты. Тамыз айында біздің шәкіртіміз WTT Youth Contender ALMATY халықаралық турнирінде жекелей сында алтын медаль жеңіп алды. Жыл соңына дейін спортшы 2007 және 2011 жылы туған спортшылар арасындағы Қазақстан чемпионатында өнер көрсетеді. Сонымен қатар, ол келесі халықаралық турнирлерге қатысады деп күтіледі”,-дейді Жанияның бапкері.

Қазіргі уақытта Жәния 11 жасқа дейінгі үстел теннисі спортшыларының әлемдік рейтингінде 17-орынды иеленіп отыр.

Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie