Жәмила БАҚБЕРГЕНОВА: “Өкінішті төртінші мәрте күміс медаль”
Күрестен Албания астанасы Тиранада өтіп жатқан Олимпиада бағдарламасына кірмейтін Әлем чемпионатында Жәмила Бақбергенова (72кг) финалда Ами Ишиге (Жапония) есе жіберіп, күміс медаль иеленді. Финалдық белдесуден кейін спортшы өз ойымен бөлісті.
“Негізі қолмен, аяғым талып қалды. Алда келе жатқан едім, ұпай бойынша. Әлі де қай салмаққа ауысатыным белгісіз. Мүмкін ауысамын, мүмкін қаламын. Жарысты алтынмен аяқтаймын деген ой болған еді. Жеке бапкерім маған сеніп еді, алтын алады деп. Алайда, өкінішті 4-ші рет күміс медальға ие болдым”,- деді Бақбергенова.
Жәмила Бақбергенова қазақ қыздары арасынан 4 мәрте жүлде алған алғашқы балуан. Айта кетейік, 28 жастағы жерлесіміз 2021 жылдан бері әлем чемпионатынан құр қол қайтпаған.
Футбол
Бүгін 07:38
Басқа спорт түрлері
Бүгін 05:25
ММА
Бүгін 03:20