locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Қонақ Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
Мәзір

Жәмилә Бақбергенова Азия чемпионатының финалына шықты

Басқа спорт түрлері 28 нау 2025 07:45
Наурызбай Қанатұлы
Наурызбай Қанатұлы
Жәмилә Бақбергенова Азия чемпионатының финалына шықты
Фото: olimpic.kz

Иордания астанасы Амманда әйелдер күресінен Азия чемпионаты жалғасуда.

Жәмилә Бақбергенова (72 кг) Иордания астанасында өтіп жатқан әйелдер күресінен Азия чемпионатының жартылай финалында әлем чемпионы, тәжірибелі жапон палуаны Масако Фурутиді 3:2 есебімен ұтты.

Еске сала кетейік, екеуі 2021 жылғы Ослодағы әлем чемпионатының финалында күрескен. Ол кезде Масако ұтқан еді.

Финалдар кешке Астана уақытымен сағат 20:00-де басталады. Жәмиләнің қарсыласы Қытай палуаны Юци Лю болады.

Жәмилә Бақбергенова жарысты ширек финалдан бастап, оңтүстіккореялық Ким Се Химен күресіп, айқын басымдықпен жеңген болатын.

Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie