Жеңілмейтін Цзюй Вэньцзюнь: қатарынан бесінші әлем чемпионы атағы
Басқа спорт түрлері
16 сәу 2025 07:24

Арсен Алиев
Редактор

ФОТО: Getty Images
Қытайлық гроссмейстер Цзюй Вэньцзюнь әйелдер арасындағы шахматтан әлем чемпионы атағын қатарынан бесінші рет жеңіп алып, өзінің әлемдік деңгейдегі үстемдігін тағы бір мәрте дәлелдеді.
2018 жылдан бері бұл атақты иеленіп келе жатқан Вэньцзюнь финалда отандасы Тань Чжунъиді сенімді түрде жеңіп шықты. Матчтың қорытынды есебі - 6,5:2,5. Тоғызыншы партия тең аяқталып, осы нәтижемен Вэньцзюнь мерзімінен бұрын жеңісін тіркеді.
Әйелдер арасындағы әлемдік шахмат тәжіне таласқан матч Қытайдың екі ірі қаласында - Шанхай мен Чунцинде өтті. Жүлде қоры 500 мың еуроны құрады.
Танымал жаңалықтар

Футбол
Бүгін 06:03

Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек