Жас жігітті құлдықта ұстаған спортшыға қатысты қылмыстық іс қозғалды
Әйелдер күресінен Азия чемпионатының жүлдегері Айша Уәлиханның отбасына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Спортшының күйеуі 23 жастағы Мұқан Неғматовты құлдықта ұстаған деп айыпталып отыр.
“Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды”, – деп хабарлады Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Айта кетейік, жас жігіт жанайқайын STAN.KZ YouTube арнасына берген сұхбатында жеткізген.Мұқанның сөзіне қарағанда, Әлфараби есімді жігіт пен оның Айша есімді әйелі өзін алдап шақырып, үйінде құлдықта ұстаған. Ол мұндай қорлық 10 айдан астам созылғанын хабарлады. Бұл уақыт ішінде, жұмысына ақысын бермей, жәбірленушінің сөзінше ұрып соққан. Енді жәбірленушінің анасы халық пен құқық қорғау органдарынан көмек сұрайды.
“Баламды алғаш көргенде шошып кеттім. Оның құлағы жыртылған. “Неге айтпадың?” десем, “Телефон шалғанда қасымда біреуі не пышақ, не арматура ұстап тұрады. Басқа сөз айтқызбайды”, - деп жауап қатты.
Айша Уалихан 2021 жылы күрестен Азия чемпионатында 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қола медаль иеленген болатын.
Теннис
Бүгін 11:30
Бокс
Бүгін 09:29
Теннис
Бүгін 08:52