locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Қонақ Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
Мәзір

«Жас таеквондошылардың деңгейі жылдан жылға артып келеді». Есбол Сұлтанов Қазақстанның кадеттер құрамасы жайлы

Басқа спорт түрлері 15 мам 2025 15:48
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
«Жас таеквондошылардың деңгейі жылдан жылға артып келеді». Есбол Сұлтанов Қазақстанның кадеттер құрамасы жайлы
ФОТО: olympic.kz

БАӘ-нің Фуджейра қаласында кадеттер арасында таеквондодан әлем чемпионаты өз мәресіне жетті. Қазақстан құрамасы бұл додада жоғары нәтижеге қол жеткізіп, 2 алтын, 1 күміс және 2 қола медаль жеңіп алды.

Ұлттық құраманың бас бапкері Есбол Сұлтанов жас спортшылардың өнеріне жоғары баға берді.

«Қазақстанда жас таеквондошылардың деңгейі жылдан жылға артып келеді. Біздің спортшылар әрбір халықаралық жарыстан жүлдемен оралуда. Фуджейрадағы әлем чемпионаты - соның жарқын дәлелі. Жалпыкомандалық есепте екінші орын алу - бізде мықты, болашағы зор резервтің бар екенін көрсетеді», - деді Есбол Сұлтанов Olympic.kz берген сұқбатында.

Бұл чемпионатқа әлемнің 87 елінен 811 спортшы қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте екінші орынды иеленді.

Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie