locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Мәзір

Жас чемпиондар Словенияда өткен шахматтан әлем чемпионатында алтын жеңіп алды

Басқа спорт түрлері Бүгін 00:47
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
sports24 сарапшы
Жас чемпиондар Словенияда өткен шахматтан әлем чемпионатында алтын жеңіп алды
ФОТО: ҚШФ

Қазақстандық шахматшылар Елназ Қалиахмет пен Даниял Сапенов Словенияда өткен блицтен жасөспірімдер (14–18 жас) арасындағы әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды.

Рапид және блиц турнирі 2024 жылғы 14-16 желтоқсан аралығында Словенияның Терме Чатеж қаласында өтті. Қазақстан шахмат федерациясының мәліметінше, ұлттық құрама жалпы саны 10 медальға ие болды: 2 алтын, 4 күміс және 4 қола.

Елназ Қалиахмет “қыздар 14 жасқа дейін” санатында жеңімпаз атанса, Даниял Сапенов “16 жасқа дейінгі ашық санатта” чемпион болды.

Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie