Жартылай марафоннан Қазақстан чемпиондары анықталды
Шымкент қаласында әйелдер мен ерлер арасында жартылай марафоннан кезекті Қазақстан чемпионаты өтті. Медальдар өз иелерін тапты.
Ерлер арасында бірінші орынды Жетісу облысынан Данияр Орманғали иеленді. Спортшы қашықтықты 1 сағат 9 минут 20 секундта жүгіріп өтті. Жетісу облысының өкілі Есенбол Жаңабек күміс жүлдегер атанды. Ал үшінші орында Ислам Әбілханұлы алды – Ақтөбе облысы.
Әйелдер жартылай марафонында Алматыдан келген спортшы Дана Гусарова жеңіске жетті. Жүгіруші чемпионатты 1 сағат 20 минут 9 секундпен аяқтады. Екіншісі – Жетісу облысы Аяна Болатбекқызы. Қола медальді алматылық Ольга Сердюкова алды.
Естеріңізге сала кетейік, марафоннан Қазақстан чемпионатының өтетін күні мен орны белгілі.
Футбол
Бүгін 05:00
ММА
Бүгін 03:20
Басқа спорт түрлері
Бүгін 02:49