Жанқош Тұраровтың әйелі Биволға қолдау білдірді
Қазақстандық танымал боксшы Жанқош Тұраровтың әйелі Клара Иса Дмитрий Бивол мен Екатерина Биволға қатысты пікір айтты. Боксшының әйелі өз өмірінде де мәселелер бар екенін атап өткен.
“Бивол туралы сұрай бермеңіздерші. Өзіміз де жетісіп тұрған жоқпыз. Идеал адам болмайды ғой. Менің ойымша, Катяға обал деп емес, Димаға обал болды деген дұрыс шығар. Себебі, ол бәрін жоғалтты. Отбасын, балаларын, әйелін, титулдарын. Ал Катя аяққа тұрып кетеді”, - деп жазды Клара Иса.
Айта кетейік, кәсіпқой бокстан әлемнің экс-чемпионы Дмитрий Биволға бұрынғы әйелі екі балаға пәтер алып бер деген талап қойған.
Ал қазақстандық боксшы Жанқош Тұраровтың үстінен Әнару Қалдыбек арыз жазып, жыныстық зорлық-зомбылық құрбаны болғанын мәлімдеген еді.
Футбол
Бүгін 07:38
Басқа спорт түрлері
Бүгін 05:25
ММА
Бүгін 03:20