locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Жанарыс Рахметқали Загребтегі Гран-приде Қазақстан қоржынына екінші алтынды салды

Басқа спорт түрлері 13 қыр 2024 13:20
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
sports24 сарапшы
Жанарыс Рахметқали Гран-при чемпионы

Дзюдодан Қазақстан құрамасының мүшесі Жанарыс Рахметқали Загребте (Хорватия) өткен Гран-при турнирінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Olympic.kz.

Жартылай финалда француз Энцо Джинді жеңген спортшы 66 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде финалға шықты. Шешуші кездесуде Рахметқали британдық Майкл Фрайермен кездесті. Негізгі уақытта жеңімпаз анықталмады, бірақ қосымша уақытта (алтын есеп) Жанарыс сәтті жүріс жасап, «иппон» әдісімен жеңіске жетті.

Еске сала кетейік, бұған дейін Ғалия Тынбаева (48 келіге дейін) екінші орын алса, Шерзод Давлатов (60 келіге дейін) алтын алған болатын.