locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Қонақ Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
Мәзір

Зейнеп Баянова моңғол спортшысын жеңіп, Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды

Басқа спорт түрлері 28 нау 2025 11:36
Азат Максутбек
Азат Максутбек
Зейнеп Баянова моңғол спортшысын жеңіп, Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды
ФОТО: kazsports

Қазақстандық спортшы Зейнеп Баянова 53 келі салмақта күрестен Азия чемпионатында қола жүлдегер атанды.

Жарыс Амманда (Иорданияда) өтіп, Баянова Сейенг Пакты (Оңтүстік Корея) 4:2 есебімен жеңіп, ширек финалға сенімді түрде шықты. Қола жүлде үшін белдесуде ол моңғолиялық Отгонтюя Чиболдпен кездесіп, жеңіске жетіп, Қазақстан құрамасының қоржынына тағы бір жүлде қосты.

2021 жылы Павлодар қаласында өткен Қазақстан Республикасының 5-ші жасөспірімдер спартакиадасында 53 келі салмақ дәрежесінде Қазақстан Республикасының спорт шебері нормативін орындап, жеңімпаз атанды. ​2022 жылы Зейнеп Түркияның Анталия қаласында өткен әйелдер күресінен 24-ші халықаралық «Victory Cup & Champions» турнирінде бірінші орынды жеңіп алды. 2023 жылы әйелдер күресінен 53 келіге дейінгі салмақта Қазақстан кубогының жеңімпазы атанды.

Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie