locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Мәзір

Өзбекстан ҰОК-і неліктен Азия ойындарын өткізу құқығынан айырылғанын түсіндірді

Басқа спорт түрлері 02 жел 2024 15:12
Павлив Никита
Павлив Никита
sports24 сарапшы
Өзбекстан ҰОК-і неліктен Азия ойындарын өткізу құқығынан айырылғанын түсіндірді
Фото: Kun.uz

Өзбекстан Ұлттық Олимпиада комитеті 2025 жылы өтетін Азия жасөспірімдер ойындарының өткізілу орнының өзгеруіне байланысты ресми мәлімдеме жасады. ҰОК мәліметінше, ел пандемиядан кейінгі кезеңдегі шектеулер мен кешігулерге байланысты ойындарды бір жылға кейінге шегеруді сұраған. Алайда Азия Олимпиада кеңесі (АОК) бұл ұсынысты қабылдамай, ойындарды өткізу құқығын Бахрейнге тапсырды.

Мәлімдемеде Өзбекстанның ҰОК мен Спорт министрлігінің өтінішін АОК атқарушы комитетінің онлайн отырысында қарағаны айтылған.

Айта кетейік, бастапқыда бұл ойындарды Ташкент қаласы қабылдауы тиіс еді, бірақ дүйсенбі күні Азия Олимпиада кеңесі Өзбекстанның өтінімін кері қайтарып алғанын хабарлады.

“Пандемиядан кейінгі кезеңдегі шектеулерге байланысты Олимпиадалық қалашықтарды салуға қажетті құралдарды жеткізуде кідірістер болғанын, соның салдарынан нысандарды тапсыру мерзімдері өзгертілгенін ескере отырып, Өзбекстан тарапы АОК-ке ойындарды бір жылға кейінге шегеруді сұрады. Алайда Азия жасөспірімдер ойындары аясындағы Олимпиадалық спорт түрлері бойынша жарыстар 2026 жылы Дакарда өтетін Жасөспірімдер Олимпиадасына іріктеу кезеңі болып табылатынын ескерген АОК ойындарды 2025 жылы өткізу маңызды екенін атап өтті,” – делінген Өзбекстан ҰОК-інің мәлімдемесінде.

Нәтижесінде, III Азия жасөспірімдер ойындарын өткізу құқығы Бахрейнге берілді.

АОК Өзбекстанға Ислам ынтымақтастық ойындары немесе Жабық ғимараттағы және жауынгерлік өнер Азия ойындары сияқты ірі халықаралық жарыстарды ұйымдастыруға дайындалуға назар аударуды ұсынды.

2025 жылы өтетін Азия жасөспірімдер ойындары кейінге шегерілді.

Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie