locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Қонақ Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
Мәзір

XDS «Астана» «Джиро д’Италия» көпкүндігінің 13-кезеңінде сенімді өнер көрсетті: Кончи – үздік 15 қатарында

Басқа спорт түрлері 23 мам 2025 13:55
Арсен Алиев
Арсен Алиев
Редактор
XDS «Астана» «Джиро д’Италия» көпкүндігінің 13-кезеңінде сенімді өнер көрсетті: Кончи – үздік 15 қатарында
ФОТО: Getty Images

23 мамырда әлемдегі ең беделді велокөпкүндіктердің бірі - «Джиро д’Италия» жарысының 13-кезеңі өтті. Жарыс жолының ұзындығы 180 шақырымды құрады.

Бұл кезеңнің жеңімпазы даталық шабандоз Мадс Педерсен болды. Ол Lidl-Trek командасының намысын қорғап, тартысты жарыста мықтыларды артта қалдырды.

Екінші орынға бельгиялық Ваут Ван Арт (Visma | Lease a Bike) ие болды. Үздік үштікті мексикалық Исаак Дель Торо (UAE Team Emirates-XRG) түйіндеді.

Қазақстандық «Астана» командасы сапынан ең жоғары нәтиже көрсеткен Никола Кончи болды - ол кезеңді 12-ші болып аяқтады. Сонымен қатар, жарысқа Диего Улисси (22-орын), Кристиан Скарони (57), Фаусто Маснада (65), Ваут Пулс (69), Лоренцо Фортунато (121), Антон Кузьмин (123) және Макс Кантер (140) қатысты.

Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie