locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

WTT Youth Contender. Қазақстан командасының қоржынында үстел теннисінен тоғыз медаль бар

Басқа спорт түрлері Бүгін 04:16
Павлив Никита
Павлив Никита
sports24 сарапшы
Фото: Sport Plus Qazaqstan

Үстел теннисінен Қазақстан құрамасының өкілдері кеше Грузияның Батуми қаласында өткен "WTT Youth Contender" турнирінде 9 медаль жеңіп алды.

Турнирге Әзірбайжан, Англия, Армения, Беларусь, Грузия, Израиль, Қазақстан, Литва, АҚШ, Түркия, Украина және Өзбекстан спортшылары қатысты.

19 жастағы қыздар арасында:

  • 1 орын Сарвиноз Миркадирова (бапкері Евгений Тимченко, Алматы),
  • 2 орын Жанерке Көшкімбаева (бапкері Татьяна Ким, Қарағанды).

19 жастағы ұлдар арасында:

  • 3 орын Арнұр Оралханов (бапкері Кирилл Сотник, Өскемен)

15 жастағы қыздар арасында:

  • 2 орын Мария Лукьянова (бапкері Александр Брижевский, Қарағанды),
  • 3-орын Ноила Ханиязова (бапкері Ержан Есімханов, Түркістан).

11 жастағы қыздар арасында:

  • 1 орын Жәния Бекмұхамбетова (бапкері Юлия Данияров, Қостанай),
  • 3 орын Назерке Болатбек (бапкері Ержан Есімханов, Түркістан).

11 жастағы ұлдар арасында:

  • 1 орын Абай Жұмағұл (бапкері Бекұлан Жамал, Шымкент),
  • 3-орын Олег Яковлев (бапкері Татьяна Ким, Қарағанды).