locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Волейболдан Қазақстан құрамасы Паралимпиадада Мысырға жол берді

Басқа спорт түрлері 02 қыр 2024 10:23
Денис Кошечкин
Денис Кошечкин
sports24 сарапшы
Волейболдан Қазақстан құрамасы Паралимпиадада Мысырға жол берді

Екінші қыркүйек күні отырып ойнайтын волейболдан Қазақстан құрамасы Паралимпиада топтық кезеңінде Мысыр еліне 1:3 есебімен жеңілді.

Бірінші сетте Қазақстандық волейболшылар 21:25 есебімен жеңілді, ал екінші сетте - 23:25. Үшінші партияда қазақстандық команда сенімді есеппен жеңді - 25:16. Алайда, төртінші сетте мысырлықтар 25:18 есебімен ойынды аяқтады. Нәтижесінде Мысыр Қазақстанды 3:1 есебімен жеңді.

Осыдан алдын Қазақстан француздарды 3:2 есебімен жеңді, бірақ Босниялықтарға (1:3) есебімен есе жіберді. Босния және Герцеговина Мысырды жеңіп, жартылай финалға шықты.

Паралимпиада волейболға 8 құрама қатсады, олар A және В топтарына бөлінген. Әр топтан екі құрама жартылай финалға шығады. Париждегі Паралимпиада 28 тамыздан сегізінші қыркүйекке дейін жалғасып жатыр. Жалпы есепте Қытай көшбасшы.