locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

ВИДЕО.Акробатикадан жасөспірімдер арасындағы ӘЧ-да қазақстандықтар 1-ші жаттығуда үздік ондыққа енді

Басқа спорт түрлері 12 қыр 2024 15:12
Александр Шарадкин
Александр Шарадкин
sports24 сарапшы
ВИДЕО.Акробатикадан жасөспірімдер арасындағы ӘЧ-да қазақстандықтар 1-ші жаттығуда үздік ондыққа енді

Португалияның Гимарайнш қаласында спорттық акробатика бойынша 2024 жылғы жасөсіпірімдер арасындағы Әлем чемпионаты басталды.

12-18 жас санатындағы аралас жұптар жарысында қазақстандықтар Радмила Антоненко мен Денис Андриевский алғашқы жаттығудың қорытындысы бойынша сегізінші орын алды. Қазақстандық акробаттар тепе-теңдік жаттығуында 25.900 ұпай жинады, олардың ұпайлары алғашқы орындағы Израиль өкілдері Ной Коэн мен Янная Регевадан 1.3 ұпайға кем.

Әйелдер үштігі жарысында Айжан Зейнулла, Елена Оверченко және Марьям Борамбай тепе-теңдік жаттығуында 24-ші орын алса, Адина Марат, Сабина Ярошинская және Полина Барбашина 33-ші орынға жайғасты.

13-19 жас санатындағы ерлер жұбы Захар Базилевич пен Ильяс Мухтасаров динамикалық жаттығуда 24.750 ұпаймен 10-шы орынға ие болды. Бұл көш басында тұрған АҚШ-тық Ярослав пен Всеволод Осолодковтардан 3.350 ұпайға аз.

Радмила Антоненко және Денис Андриевский - тепе-теңдік

Айжан Зейнулла, Елена Оверченко және Марьям Борамбай - тепе-теңдік

Адина Марат, Сабина Ярошинская және Полина Барбашина - тепе-теңдік

Захар Базилевич пен Ильяс Мухтасаров — динамика