Түркияда тоғызқұмалақтан әлем чемпионаты басталды
Анкарада тоғызқұмалақтан VIІ Әлем чемпионаты басталды, деп хабарладыSport+.
Ұлттық және ат спорты түрлері орталығының мәліметінше, чемпионатқа 14 елден 100 жуық спортшы қатысуда.
Тоғызқұмалақтан әлемнің мықтысы Қазақстан, Қырғызстан, Латвия, Моңғолия, Өзбекстан, Румыния, Түркия, Испания , Франция, Чехия , Украина, Грузия, Венгрия, АКШ секілді елдер арасынан анықталады.
VII Әлем чемпионатында еліміздің намысын жарыстың классика түрінен – Бостандықов Бексұлтан, Асылхан Қожанәсіп, Мөлдір Серікқызы, Далиева Әсел, рапид түрінен – Темірбаев Ғалымжан, Ерасыл Ауталипов, Далиева Әсел, Аяна Исахан, блиц түрінен – Асет Қайыржанов, Жарасхан Сагинбаев, Намаз Ақбота, Салман Аружан қорғайды.
Бокс
Бүгін 09:29
Теннис
Бүгін 08:52
Басқа спорт түрлері
Бүгін 08:27