locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Мәзір

Токио мен Парижде өткен Паралимпиада ойындарына қатысушы, қазақстандық паратаэквондошы Нышан Өмірәлі

Басқа спорт түрлері Бүгін 11:18
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
sports24 сарапшы
Токио мен Парижде өткен Паралимпиада ойындарына қатысушы, қазақстандық паратаэквондошы Нышан Өмірәлі

Екі дүркін әлем чемпионы, Токио мен Парижде өткен Паралимпиада ойындарының қатысушысы, қазақстандық пара таэквондошы Нышан Өмірәлі дүниеден озды. Бұл туралы ҚР Ұлттық Паралимпиада комитетінің Instagram желісіндегі ресми парақшасында хабарлама пайда болды.

1993 жылы 11 мамырда Жамбыл облысында дүниеге келген Нышан Өмірәлі саналы ғұмырын спортқа арнаған. Ол 2014 жылы паратаэквондодан әлем чемпионы атағын жеңіп алған тұңғыш қазақстандық атанды. Сонымен қатар, Өмірәлі Еуропа чемпионатының қола жүлдегері, халықаралық турнирлердің бірнеше дүркін жүлдегері және 2022 жылғы Азия Пара ойындарының күміс жүлдегері атанды.

Оның қазасы Қазақстанның паралимпиадалық қозғалысы және жалпы спорт қауымы үшін ауыр соққы болды. Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашүкеев Нышанның өмірі Отанға деген адалдықтың, табандылық пен қайсарлықтың үлгісі болғанын айтып, қайғысына ортақтасып, көңіл айтты.