Танымал балуан ӘЧ-дағы жеңісі үшін рекордтық сыйақыға ие болады
Ресейдің әйгілі еркін күрес шебері Абдулрашид Садулаев Албанияда өткен Әлем чемпионатында жеңіске жеткені үшін 10 миллион рубль көлемінде сыйақы алмақ.
“Мир Борьбы” телеграм арнасында жарияланған хабарламаға сәйкес, Садулаевқа бұрын жоспарланған 3 миллион рубль орнына 10 миллион рубль беріледі.
“Абдулрашид Садулаевқа Әлем чемпионатындағы жеңісі үшін тағайындалған 3 миллион рубльдің орнына 10 миллион рубль беріледі. Мұндай шешімді Дағыстан күрес федерациясының президенті Омар Муртузалиев қабылдады”,– делінген “Мир Борьбы” арнасында.
Айта кетейік, Тиранада (Албания) өткен еркін күрестен Әлем чемпионатында Садулаев олимпиадалық емес 92 келіге дейінгі салмақ санатында сынға түсіп, алтын медальді өзінің мансабында алтыншы рет иеленді.
Теннис
Бүгін 11:30
Бокс
Бүгін 09:29
Теннис
Бүгін 08:52