locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Қонақ Пікірлерді қалдыру үшін\n кіріңіз немесе тіркеліңіз
Мәзір

Талдықорғандық Жетісу кезекті турды жеңіспен бастады

Басқа спорт түрлері 22 қаң 2025 01:37
Арсен Алиев
Арсен Алиев
sports24 сарапшы
Талдықорғандық Жетісу кезекті турды жеңіспен бастады
ФОТО: Getty Images

Талдықорғандық "Жетісу" волейбол клубы ерлердің ұлттық лига командалары арасында өтіп жатқан Қазақстан чемпионатының үшінші турында жеңіспен старт алды. Тур ойындары Талдықорған қаласында өтуде.

Марат Адрышев жаттықтыратын "Жетісу" командасы алғашқы матчта өткен маусымның күміс жүлдегері – "Павлодар" клубымен кездесті. Ойынның бастапқы екі кезеңінде павлодарлықтар айқын басымдыққа ие болды, есеп – 25:16, 25:17.

Алайда үшінші кезеңнен бастап "Жетісу" ойын тізгінін қолға алып, керемет камбэк жасады. Олар келесі үш кезеңді 25:16, 25:23 және 15:11 есебімен өз пайдасына шешті. Матчтың қорытынды есебі – 3:2.

Бұл жеңіс "Жетісу" клубына 26 ұпай жинауға мүмкіндік берді, нәтижесінде команда турнир кестесіндегі үшінші орнын сақтап қалды.

Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie