locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Мәзір

Талғат Орынбасар жастар арасында қола жүлдегер атанды

Басқа спорт түрлері Бүгін 10:41
Люба Рябинина
Люба Рябинина
sports24 сарапшы
Талғат Орынбасар жастар арасында қола жүлдегер атанды

Дзюдодан Қазақстан өкілі Талғат Орынбасар Душанбеде өтіп жатқан жаздар арасындағы әч-да қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды Olympic.kz. Орынбасар 60 келі дәрежесінде медаль алды.

Жұбаныш кезеңінде қазақстандық дзюдошы Итальяндық Винченцо Манферлоттиді жеңіп, үшінші орынға талас жүргізу құқығына ие болды. Шешуші кездесуде Орынбасар Азербайжандық Низами Имрановты жеңді.

Өкінішке орай, 66 келі салмақта Мағжан Әлжанов итальяндық Алессио Де Лукеден жеңіліп үшінші орынға таласа алмады. Осылайша, Талғат Орынбасар осы әлем чемпионатында алғаш рет Қазақстанға жүлде алып келді.