Таеквандодан Қазақстан чемпионатының қорытындысы : барлық салмақ дәрежесінде жеңімпаздар анықталды
21 қараша Алматы облысының Шамалған ауылында ересектер арасындағы Қазақстан чемпионаты аяқталды.
Шешуші жарыс күні еліміздің үздік даянг шеберлері қалған 5 салмақта жүлдеге таласты. Нәтижесі мынадай:
Ерлер, -63 кг:
1. Самирхон Абабакиров (Шымкент қаласы)
2. Нұрбек Ғазез (Алматы қаласы)
3. Мадияр Керімбай (Алматы қаласы)
3. Айбек Имантаев (Ұлытау облысы)
-87 кг:
1. Нұрлан Мырзабаев (Түркістан облысы)
2. Нұрқанат Қожахмет (Шымкент қаласы)
3. Алмас Мелатов (Атырау облысы)
3. Мейір Нұрғазин (Алматы облысы)
Әйелдер, -53 кг
1. Азиза Қаражанова (Жамбыл облысы)
2. Айдана Сүндетбай (Алматы облысы)
3. Перизат Мергембаева (Маңғыстау облысы)
3. Арайлым Арапбай (Маңғыстау облысы
-57 кг:
1. Мария Севостьянова (Атырау облысы)
2. Альмира Қанат (Маңғыстау облысы)
3. Нұрай Қазынабек (Қызылорда облысы)
3. Ақнұр Жамаубай (Алматы қаласы)
+73 кг:
1. Меруерт Ткебаева (Ақтөбе облысы)
2. Евгения Каимова (Астана қаласы)
3. Мереке Жүнісова (Алматы облысы)
3. Айгүл Елубай (Атырау облысы)
Ал жалпы есепте Алматы қаласының командасы 1-орын алды. Олар 16 салмақтан 3 алтын, 5 күміс, 6 қола медаль жеңіп алды.
Екінші орында Шымкент қаласының таеквондошылары - 3 алтын, 1 күміс, 2 қола.
Үздік үштікте Атырау облысы - 2 алтын, 1 күміс, 5 қола.
4-орын: Түркістан облысы (2 алтын, 1 күміс, 1 қола).
5-орын: Жамбыл облысы (2 алтын, 1 қола).
Енді чемпионат нәтижесіне байланысты келесі жылғы Ұлттық құрама жасақталады. Биылғы жарысқа 19 өңір мен қаладан 300-ге жуық таеквондошы қатысты.
Таэквондодан Қазақстан чемпионаты: екінші күннің қорытындысы.
ММА
Бүгін 08:59